Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Америкалық F-15 жойғыш ұшағы Кувейтте апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық F-15 жойғыш ұшағы Кувейтте апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосын Clash Report порталы жариялады. Жарияланған кадрларда ұшақтың төменге құлдилағаны, содан кейін ұшқыштың катапульт жасағаны көрінеді.
Кейін желіде оқиғадан кейін түсірілгені айтылған тағы бір видео пайда болды. Онда тірі қалған ұшқыш автокөліктің жүксалғышында екені айтылады.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авивте соққылардың мақсаты Тегеранның ядролық қару иеленуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде иран флотын және қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.
1 наурызға қараған түні Иран жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи қаза тапқанын хабарлады. АҚШ пен Израиль шабуылдарының құрбандары арасында аятолланың қызы, күйеу баласы, немересі және келіні де бар.
БАҚ мәліметіәнше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, Ислам Республикасында және өңірдің басқа елдерінде орналасқан азаматтық инфрақұрылым нысандарына да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға шабуыл жасап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться