Кувейтте АҚШ тың жойғыш ұшағын атып түсірді

02.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Кувейтте америкалық F-15E Strike Eagle жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұшақ Иранды бомбалауға қатысқан. Clash Report сайтының мәліметіне сәйкес, апат кезінде ұшқыш катапультаны қолданған. Алайда АҚШ-тың әскери қолбасшылығы жойғыш ұшақтың апатқа ұшырағанын растаған жоқ.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Хормозган провинциясындағы Минаб қаласындағы қыздар бастауыш мектебіне жасалған соққыдан 170 оқушы мен мұғалім қаза тапты. Ал Иран Израильге, сондай-ақ, көрші елдердегі АҚШ-тың әскери базаларына зымыранмен соққы жасады. Сол кезде бірнеше адам қайтыс болды.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштеріне айтарлықтай соққы жасалғанын, соның нәтижесінде бірнеше кеменің суға кеткенін мәлімдеді. Трам Иран халқын режимді құлатуға да шақырды.

Иран қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізілмейтінін мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью