Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі квазимемлекеттік компаниялардың валюталық түсімінің 50%-ын ішкі нарықта міндетті түрде сату талабын алып тастайды.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл шешім келесі аптада қабылданатынын айтты.
"Бұл дағдарысқа қарсы әрекет ету шарасы болатын. Біз келесі аптада бұл шараның күшін жоюды жоспарлап отырмыз. Қазір ешқандай дағдарыс жоқ, теңге тұрақты", – деді Сүлейменов.
Ол сонымен қатар Ұлттық банк бұл шараны қажет болған жағдайда қайта пайдалану мүмкіндігін сақтап қалатынын айтты.