Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Парагвай президенті Сантьяго Пенья Ueno Bank төңірегіндегі жанжал аясында қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
"Біздің Республикамыз әрқашан кез келген адамнан немесе жағдайдан жоғары тұруы тиіс... Мен ел президенті қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Мұны еліміздің тұрақтылығы мен әлеуметтік тыныштығын ойлағандықтан жасап отырмын", - деді ол X желісінде жарияланған бейнеүндеуінде.
Президент, егер "қандай да бір сәтте халықтың үмітін ақтамаған болса", ел халқынан кешірім сұрады.
"Азаматтарға қаражаттың қайтарылуына кепілдік берілгенін қалаймын, бұл - менің ең үлкен тілегім", - деп толықтырды Пенья.
Пенья депутаттар палатасы оған қарсы импичмент мәселесін қарастырып жатқан тұста отставкаға кетті.
Сейсенбіде таңертең Парагвай Орталық банкі Ueno Bank-тің төлем қабілеттілігі коэффициенті ең төменгі қажетті деңгейдің 50 пайызынан төмен түсіп кеткенін анықтағаннан кейін банктің жағдайын реттеу процедурасын бастады.
Банк салымшылары ақшаларын қайтаруды және банктегі жағдайға кінәлілерді жазалауды талап етіп көшеге шықты. Олар президенттің де қызметінен кетуін талап етті. Наразылық шаралары полициямен қақтығысқа ұласқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу