Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды

27.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Албанияның астанасы – Тиранада күрес түрлерінен Мұхамет Мало мемориалында өтіп жатыр. Біріккен күрес әлемінің (UWW) бағдарламасына енген рейтингтік турнирде Қазақстанның балуандары да бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарысты еркін күрес шеберлері бастады. Алаш топырағынан аттанған 13 балуанның арасынан алғашқы күні Болат Сақаевтың ғана жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетті. 86 кг салмақ дәрежесінде күш сынасқан 33 жастағы сақа спортшы алғашқы айналымдарда Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері, түркиялық Осман Гёчен мен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, словакиялық Борис Макоевтан басым түсті. Жартылай финалда Сақаев былтыр Загребте төрткүл дүниенің теңдессізі деп танылған грекиялық Йоргос Куюмцидиске есе жіберді. Ал қола медаль үшін тартыста Болат жастар арасындағы әлем чемпионы (U20), түрікменстандық Алп Арслан Бегенджовтан айласын асырды.

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды

Келесі күні 97 кг салмақта сынға түскен Ризабек Айтмұханға айрықша сенім арттық. Бастапқы бәсекелерде грузиялық Андро Маргишвили, үндістандық Викки Викки және италиялық Бенжамин Хонисті еш қиналмай ұтқан қазақтың әйгілі балуаны жартылай финалда Олимпиаданың екі, әлемнің алты және Еуропаның төрт дүркін чемпионы, ресейлік Абдулрашид Садулаевпен жолықты. Бұл айқас «орыс танкісінің» айқын жеңісімен аяқталды. Ал қола медаль үшін бәсекеде Ризабек небары 23 секундта үндістандық Джойнти Кумардың тас-талқанын шығарды.   

Тиранада 92 кг салмақтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, ирандық Әмір Хоссейн Фирузпур еліміздің екі бірдей белді балуаны Азамат Дәулетбеков пен Камиль Куруглиевтің жолын бөгеді. Қос жерлесіміз үшінші орын үшін өзара күш сынасып, бұл белдесуде Азаматтың асығы алшысынан түсті. Сөйтіп, еліміздің еркін күрес шеберлері Албаниядағы жарысты үш қоламен қорытындылады.

Дәл сол межеден көрінуге тағы үш спортшымыздың зор мүмкіндігі болды. Алайда олар шешуші сәтте  сүрінді. Атап айтсақ, Мерей Базарбаев (61 кг) албаниялық Зелимхан Абакаровқа, Майс Әлиев (70 кг) ресейлік Ибрагим Ибрагимовқа және Нұрсұлтан Азов (125 кг) польшалық Камил Косчиолекке жол беріп, бесінші орынды қанағат тұтты.

Еркін күрестен өткен жарыстың жеңімпаздары:

57 кг – Спенсер Ричард Ли (АҚШ); 61 кг – Заур Угуев (Ресей); 65 кг – Сужет Сужет (Үндістан); 70 кг – Ерназар Акматалиев (Қырғызстан); 74 кг – Юнес Эмами (Иран); 79 кг – Мохаммад Находи (Иран); 86 кг – Ибрагим Кадиев (Ресей); 92 кг – Әмір Хоссейн Фирузпур (Иран); 97 кг – Абдулрашид Садулаев (Ресей); 125 кг – Мэйсон Парриз (АҚШ).

Әйелдер күресінен өткен жарысты қазақ қыздары өте қарқынды бастады. 50 кг салмақтағы Зейнеп Баянова Кедра Роза Риянды (АҚШ), жастар арасындағы әлем чемпионы Мия Накамураны (Жапония) және жасөпірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Мускан Мусканды (Үндістан) еш күмәнсіз жеңді. Одан кейін Үндістанның тағы бір белді балуаны Приянши Пражаратты 13:2 есебімен есеңгіреткен Зейнеп алтыннан алқа тақты. 

Әйелдер күресінен ел құрамасының бас бапкері ауысты

Командалық әріптесінің жеңісті жолын 55 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Лаура Әлмағамбетова жалғастырды. Пушпа Пушпа (Үндістан), Анастасию Блайвас (Германия) және Лилия Маланчукты (Украина) тізе бүктірген ол да алтын тұғырдан қол бұлғады.

Соңғы жаңалықтар

Ақордада Сербия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Президент • Бүгін, 12:02

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

Табиғат • Бүгін, 11:40

10 млн доллар: «Синалоа» серкелерін ұстауға көмектескен жанға сыйақы беріледі

Әлем • Бүгін, 11:36

Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды

Спорт • Бүгін, 11:26

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?

Қоғам • Бүгін, 11:12

Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды

Ата заң • Бүгін, 11:09

«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі

Футбол • Бүгін, 11:02

Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды

Референдум • Бүгін, 10:55

Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады

Әлем • Бүгін, 10:42

Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 10:28

Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:26

Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?

Қоғам • Бүгін, 10:11

Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Футбол • Бүгін, 10:09

Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды

Елорда • Бүгін, 09:59

Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:50

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью