Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Дүниежүзілік жастар фестивалінде сөйлеген сөзінде, егер қатысушылар үшін қолайлы болса, Украина бойынша келіссөздер өтетін кез келген орынның, соның ішінде Сербияның да қарастырылуы мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы РИА новости жазды.
Украина бойынша келіссөздер алаңы ретінде Сербияны пайдалану мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, Лавров:
"Келіссөз қатысушылары үшін қолайлы кез келген нәрсе мүмкін", — деді.
Ол бұған дейін Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған екіжақты және үшжақты келіссөздерге ашық екенін атап өткен болатын.