Ләззат Байырбекова ұлының таңдауы жайлы ойын ашық айтты

24.11.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әнші Жазира Байырбекованың бауыры Ләззат Байырбекованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Блогер Тәуіржанның таңдауы бұрын тұрмыста болған әйелге түскен. 

"Ол "иә" деді", - деп жазды блогер Тәуіржан желідегі парақшасында. 

Ал оның анасы болса, ұлының таңдауына қатысты төмендегідей пікір айтты. 

"Келініңіз құтты болсын дейді. Ол сөзді шын келін болған кезде ғана қабылдаймын, қазір жоқ қабылдамаймын. Келін, немере құтты болсын деп жатыр. Шынымен немереге, сондай күнге Құдай жеткізсін. Балаларым үйленіп бүтін сәбилер туылып, осындай тілектерді қабылдайтын кезге жетейін. Рақмет, сіздер де жетіңіздер. Бірақ мен сеніп отырған жоқпын. Шынымен ұлым ғашық болса екен. Тәуіржан үйленуге дайындалсын, жиналсын, достарына жем болып жүре бермесін. Үйлену үшін де жағдай керек қой", - деді Ләззат Байырбекова. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью