Леңгірде зейнеткерді өлімші етіп ұрғандар ұсталды

27.08.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АЛМАТЫ, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының Леңгір қаласында зейнеткер әйелді аяусыз ұрды деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәжірибелі криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің кім екенін және қай жерде тұратынын анықтады. Күдікті ретінде Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Леңгірде белгісіз біреулер түнде үйге ұрланып кіріп, 65 жастағы әйелді аяусыз соққыға жыққаны хабарланған еді. Жәбірленушінің інісі қарызға ақша беріп, пайыз алумен айналысқан.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью