ЛГБТ насихатына тыйым: қоғамдық ұйым өкілдері пікір білдірді

20.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Елдегі қоғамдық ұйымдар Сенат қабылдаған ЛГБТ-насихатына тыйым салу туралы заңды қолдайды.

 Олар бұл шешім қоғамның сұранысына сай және дәстүрлі құндылықтарды қорғауға бағытталғанын атап өтті. Республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбеттің айтуынша, дәстүрлі емес қарым-қатынастарды насихаттайтын агрессивті ақпарат өскелең ұрпақтың санасын улайды. Сондықтан алдын алу жұмыстарын отбасы мен мектептерден бастаған жөн, дейді. Еске салайық, кеше ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң жобасын Сенат мақұлдады. Аталған бастамаға 50 мыңнан астам қазақстандық қол қойған петиция түрткі болған еді.

Мақсұтбек Айтмағанбет, "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Бұл жердегі мәселе: балаларымыздың құқықтары. Балалар осының пропагандасына берілмей, пропагандасының әрі қарай жүрмеуі. 16-18-ге толмаған бала ақ пен қараны ажырата алмайды. Психологиялық тұрғыда дайын емес. Сондықтан бұл жердегі мәселе пропагандаға жол бермеу.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью