Линкольнге хат жолдаған қыз

13.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

1860 жылы президенттік сайлауға үш апта қалғанда, Нью-Йорк штатының Уэстфилд қаласында тұратын Грейс Беделл есімді он бір жасар қыз президенттікке кандидат Линкольнге үшбу хат жазады. Ол Линкольнге әкесі үйге әкелген плакаттағы суретті көргеннен кейін хат жолдағысы келгенін айтады.

«Менің төрт ағам бар, олардың екеуі сізге дауыс бермекші, ал егер сақалыңызды өсірсеңіз, қалған екі ағамды да сізге дауыс ­беруге көн­діремін. Бетіңіз тым сопақша. Сол үшін сақал өсір­сеңіз, әл­петіңіз әлдеқайда жақсы көрінер еді», дейді ол өз ұсыны­сын жасырмай.

Грейс Беделл хатының басында Линкольннен «Қызыңыз бар ма?» деп сұрайды. Араға төрт күн салып Линкольн оған жауап қай­­тарады. Ол алдымен «Қызыңыз бар ма?» деген сұраққа ­жауап береді.

«Құрметті кішкентай ханша! Менің қызым жоқ. Бірақ үш ұлым бар. Олар он жеті, тоғыз және жеті жаста. Ұлдарым отбасымның басты мүшелері екенін айтқым келеді. Ал сақалға келетін болсақ, бұдан бұрын ешқашан сақал қоймағанмын. Егер дәл қазір сақалымды өсірсем, жұрт бұл қылығымды ақымақтық деп ойламас па? Бұл ­туралы сіз қалай ойлайсыз?

Сізге тілекші А.Линкольн».

Көп өтпей Грейс Беделл сақалдың Абрам Линкольнге қалай құп жарасқанын өз көзімен көру мүмкіндігіне де ие болды. Иллинойс штатының Спрингфилд қаласынан Вашингтондағы инаугурациясына бара жатқан жолында президенттікке сайланған Абрaхам Линкольн Грейс Беделл тұратын Уэстфилд қаласына арнайы ат басын бұрады. Сол кездесуде Линкольн оған «Көрдің бе, сақалымды сен үшін өсірдім, Грейс» деп ағынан ақтарылады.

Соңғы жаңалықтар

Тежеу мен демеу

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна шымылдығы түрілген күн

Театр • Бүгін, 08:43

Өмір мен өлім арбасқан алты сағат

Медицина • Бүгін, 08:40

Ғалым еңбегімен беделді

Тұлға • Бүгін, 08:38

Құрылыс кодексі: ең алдымен – халық мүддесі

Құрылыс • Бүгін, 08:35

Көшке қамшы басар кез келді!

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Мәдениет • Бүгін, 08:25

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:22

Көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі арта түсті

Экономика • Бүгін, 08:20

Білікке негізделген жаңарудың өлшемі

Пікір • Бүгін, 08:15

33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Инфографика • Бүгін, 08:10

Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді

Саясат • Бүгін, 08:05

Экономикаға байыпты көзқарас керек

Саясат • Бүгін, 08:00

Жергілікті кәсіпкерлер ұсынысы назарға алынады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ерекше бақылаудағы мәселелер

Саясат • Бүгін, 07:50

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью