Лионель Скалони Аргентинаның бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін

20.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: AFA

Аргентина тарихындағы ең табысты бапкер атанған маман әзірге қызметін жалғастыратынына сенімді емес екенін айтып, шешім қабылдау үшін өзіне уақыт қажет екенін жеткізді.

Испаниядан жеңілген Португалия құрамасының бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді

Скалонидің айтуынша, ұлттық құрамамен жұмысты жалғастыру үшін толыққанды жаңғыру қажет.

«Мұндай деңгейдегі команданы қайта қалыптастыру – өте күрделі міндет. Алдағы қадамдарды федерация басшылығымен жан-жақты талқылауым керек», деді ол.

Скалонидің Аргентина футбол қауымдастығымен жасасқан келісімшарты биылғы желтоқсанда аяқталады. Финалдан кейінгі баспасөз брифингінде Аргентина бапкері Мессидің құрамадағы болашағына қатысты пікір білдірген еді.

Еске салайық, АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф» стадионында өткен финалдық ойынның негізгі уақытында есеп ашылмағанымен, 106-минутта Ферран Торрес мергендік танытып, матчтағы жалғыз голды соқты. Осылайша Испания құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью