Литвада Вильнюс әуежайы уақытша жабылды

24.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Литвадағы Вильнюс халықаралық әуежайы уақытша жұмысын тоқтатты. Жергілікті биліктің айтуынша, бұған Беларусь контрабандашылары темекі тасымалдау үшін қолданған әуе шарлары себеп болған.

Рейстердің бір бөлігі таяу әуежайларға бағытталып, қалғаны кешіктірілді. Айта кетейік, қазан айынан бері әуежай осымен тоғызыншы рет жабылды. Кейінгі уақытта елде ұшқышсыз құрылғылардың әуе қауіпсіздігін бұзу жағдайлары жиілеп кеткен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью