Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Анадолы
Соңғы тәулікте Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) жасаған соққылар салдарынан Ливан аумағында 15 жергілікті тұрғын қаза тауып, тағы 82 адам жарақат алды.
Осы аптада Израиль шабуылдарының қарқыны біршама төмендеген. Бұған жуырда АҚШ пен Иран арасында қол жеткізілген келісім ықпал еткен. Осы мүмкіндікті пайдаланған мыңдаған қоныс аударушы бұған дейін атыс-шабыс салдарынан тастап кеткен елдің оңтүстік өңірлеріне қайта орала бастады.
Жалпы атысты тоқтату режимі жарияланғанына қарамастан, Израиль Ливан аумағына әуе соққыларын жасауды жалғастырып отыр.