Ливанда Израиль соққысынан үш журналист қаза тапты

29.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін Израиль Ливанның оңтүстігіне соққы жасап, үш журналист қаза тапты. Мәліметтерге сәйкес, соққы Джеззин ауданында журналистер мінген автокөлікке бағытталған.

Израиль қорғаныс армиясы бұл шабуыл кезінде Израильға қарсы күрес жүргізіп отырған Иранға жақын «Хезболла» тобының элиталық бөлімшесінің өкілі жойылғанын мәлімдеді.

Әскери дереккөздердің хабарлауынша, қаза болған журналистердің бірі «Хезболлаға» тиесілі Аль-Манар телеарнасында жұмыс істеген. Сондай-ақ «Хезболлаға» жақын Аль-Маядин телеарнасының журналисі және оның бауыры — оператор да мерт болды. Екі арна да өз тілшілерінің қаза тапқанын растады.

Израиль әскері өз кезегінде жойылған «Хезболла» мүшесі журналист ретінде жасырынғанын мәлімдеді.

Әскерилердің айтуынша, ол Ливанның оңтүстігіндегі израильдік сарбаздардың орналасу орны туралы ақпараттарды жүйелі түрде жеткізіп отырған.

Ливан президенті Жозеф Аун X әлеуметтік желісінде бұл оқиғаны «соғыс кезінде журналистер халықаралық қорғауға ие екенін көздейтін барлық нормалар мен келісімдерді өрескел бұзатын айқын қылмыс» деп атады.

Айта кетейік, осыған дейін Израиль Иран мен Ливанға соққыларды жалғастыратынын мәлімдеген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью