Лос Анджелесте Батыс Ніл вирусы тарады

26.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында Батыс Ніл безгегінен бір адам көз жұмды.

Жыл басынан бері 14 тұрғын вирус жұқтырған. Мамандар індеттің өршуін жауын-шашынның аз түсуімен және су қоймаларына шоғырланатын инфекция таратушы масалардың белсенділігімен байланыстырады. Ресми мәліметтерге сәйкес, Батыс Ніл вирусын жыл сайын 2000 американдық жұқтырады. Аурудың жеңіл түрінде дене қызуының көтерілуі, бұлшық еттің және бастың ауыруы, сүйектің сырқырауы, жүрек айну, бөртпе шығу және іш өту сияқты белгілер байқалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью