LRT аялдамасындағы өрт: қытайша білетін құтқарушы адамдарды қауіпсіз жерге бағыттады

15.02.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. LRT аялдамаларының бірінде болған өртті сөндіруге барған құтқарушының қытай тілін білуі жағдайды жедел бағамдауға көмектесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бейбіт Қыран көрші елден келген құрылысшылармен қытайша сөйлесіп, ғимарат ішіндегі жағдайды нақтылап қана қоймай, адамдарды қауіпсіз аймаққа бағыттады. Осылайша, тілдік кедергінің болмауы шетелдік азаматтармен жылдам байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Айта кетері, бүгін LRT желісіндегі аялдама павильонының жертөлесінде электр кабельдері мен құрылыс қоқысы өртенді. Тілсіз жау 10 шаршы метрге тарады. Құтқарушылар өрттің көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.

"Оның қытай тілінде еркін сөйлеуі төтенше жағдай кезінде нақты әрі түсінікті байланыс орнатуға жол ашып, өрт сөндіру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жедел әрі үйлесімді жүргізуге ықпал етті",-дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью