LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің желідегі парақшасында LRT-ның көрсеткіші жайлы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жолаушылар ағыны 1 млн адамға жетті. LRT-ны белсенді пайдаланып, жаңа көлік жүйесіне сенім артқаны әрі инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін жолаушыларға алғысымды білдіремін", - деп жазды Астана қаласының әкімі.

Айтуынша, күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Қасымбек LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью