LRT іске қосылғалы бері 180 мыңнан астам жолаушы тасымалданды

18.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

LRT іске қосылғалы бері жолаушылар саны 180 мың адамға жеткен. Тек кеше ғана жеңіл рельсті көлік қызметін 100 мың адам пайдаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суретті түсірген − Ерлан ОМАР, «Egemen Qazaqstan»

Бұл көрсеткіш жобада қарастырылған өткізу мүмкіндігінен асып түскен. CTS басшысы Асылбек Дүйсебаев тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Атап айтқанда, төтенше жағдай болмаса платформалар мен вагондардағы дабыл батырмаларын баспау, пойыз есіктерін өздігінен ашпау және олардың жабылуына кедергі келтірмеу қажеттігі ескертілді. Мұндай әрекеттер құрамдардың тоқтап қалуына себеп болады.

CTS мәліметінше, LRT жүйесі толық автоматтандырылған әрі жүргізушісіз жұмыс істейді. Сондықтан мұндай әрекеттер қауіпсіздік жүйесі тарапынан жолаушыларға төнген қауіп ретінде қабылданады.

Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны екі есе азайған, қозғалыс штаттық режимде жүзеге асып жатыр, айтарлықтай заңбұзушылықтар тіркелмеген.

Еске салайық, Астанада LRT 16 мамыр күні іске қосылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты. Мемлекет басшысына LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Алмас Чукин: Алматы таулары халыққа қолжетімді болуы керек

Қоғам • Бүгін, 18:10

LRT іске қосылғалы бері 180 мыңнан астам жолаушы тасымалданды

Қоғам • Бүгін, 18:01

Экономика өсімі бар, бірақ табыс неге артпайды? Министр жауап берді

Экономика • Бүгін, 17:55

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген: Вагондарды негізсіз кідірту фактілері анықталды

Оқиға • Бүгін, 17:49

Ішкі істер министрлігіне жаңа функция жүктелді

Үкімет • Бүгін, 17:43

Енді ХҚО-ларда кейбір құжаттар берілмейді: Оны қайдан алуға болады?

Қоғам • Бүгін, 17:28

Меркіде үздік қазақы тазылар анықталды

Оқиға • Бүгін, 17:13

1-сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Білім • Бүгін, 17:03

Елімізде 14-17 жастағы қыздарға вакцина салынады

Денсаулық • Бүгін, 16:55

Президент: Жасанды интеллект жойқын ақпараттық қаруға айналды

Президент • Бүгін, 16:50

Мемлекет басшысы: Транскаспий бағытының дамуы қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты

Президент • Бүгін, 16:42

Моуриньо корольдік клубқа қайта оралады: «Реал» екі жылдық келісімшарт ұсынды

Футбол • Бүгін, 16:30

Президент «Орталық Азия – Қытай» елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Президент • Бүгін, 16:25

Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты негізгі сот процесі 28 мамырға белгіленді

Оқиға • Бүгін, 16:21

Шығыстың радиотелефонисі кикбоксингтен әлем чемпионы атанды

Спорт • Бүгін, 16:10

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью