Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
CTS мәліметінше, LRT паркінде 19 жылжымалы құрам бар. Бір құрамға 4 вагон тіркелген және бір мезетте 650 жолаушы тасымалдай алады. Осы 19 құрамның 15-і күнделікті желіге шығып, халыққа қызмет көрсетсе, қалған төртеуі резервте тұрады.
– Құрамдардың арасындағы қозғалыс интервалы 5-10 минут шамасында жоспарланды. Стансалар арасындағы болжамды жүру уақыты 1,5 минуттан 3 минутқа дейін, - деп жазылған Kazinform сауалына жолданған ресми жауапта.
Еске сала кетейік, бұған дейін LRT жолаушыларына 7 жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүруге мүмкіндік берілетінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Астанадан Қосшыға дейінгі LRT желісінің құрылысы келесі жылдың соңында аяқталады деп күтіліп отырғанын жазған едік.