LRT Қосшыға дейін созылады

29.10.2025

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанадағы LRT-ның келесі тармағы Қосшы бағытына қарай жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы LRT-ның келесі тармағы Қосшы бағытына қарай жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, күн сайын Қосшыдан Астанаға 15-тен 20 мыңға дейін автомобиль кіреді, бұл қала жолдарына үлкен жүктеме түсіреді.

"Қосшы ұлғайып келеді. Ол Астананы едәуір жеңілдететін үлкен серіктес-қала. Сондықтан Қосшыдан қалаға белсенді қозғалыс бар және жобаның келесі кезеңін осы бағытта саламыз", - деді әкім.

Қасымбектің айтуынша, бұл жобаның екінші кезеңнің бір тармағы ғана. Екінші тармағы Сығанақ көшесі арқылы Тұранға, әрі қарай қаланың ескі бөлігіне – ескі теміржол вокзалына дейін өтеді. Қосшыға баратын бөлігін бір жарым жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, әкім Қосшы бағытына қарай жүретін желінің бір бөлігі жер үстімен өтетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью