LRT құрылысына бюджеттен 300 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

31.12.2025

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанадағы LRT құрылысының қарқыны биыл рекордтық көрсеткішке жетті. 2025 жылы бұл жобаға республикалық бюджеттен жоспарланған қаражаттың 99,2 пайызы игерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT учаскесінің құрылысына республикалық бюджеттен 329,6 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырудың айтарлықтай белсенді жүріп жатқанын көрсетеді: мәселен, 2024 жылы бұл мақсатқа небәрі 28,4 млрд теңге, ал 2023 жылы 52,4 млрд теңге жұмсалған болатын. Барлық жағдайда қаражат Ұлттық қордан мақсатты трансферттер түрінде берілді.

Елордаға LRT-ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді.

DataHub арнасының мәліметінше, республикалық бюджет Алматы қаласының рельсті көлік жүйесін дамытуды да қаржыландырып отыр. Атап айтқанда, 2025 жылы метрополитен құрылысына 25,6 млрд теңге бөлінді. Айта кетерлігі, 2024 жылы бұл бағытта ешқандай шығын қарастырылмаған болса, 2023 жылы бөлінген қаржы көлемі 9,4 млрд теңгені құраған болатын.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT-ның келесі желісі Косшы бағытына қарай салынады.

Астанадағы LRT жобасының тарихы 2017 жылы Қытайдың мемлекеттік даму банкінен 1,5 млрд доллар несие алудан басталған еді. Алайда 2018 жылы «Астана банкі» лицензиясынан айырылып, ондағы 208 млн доллар көлеміндегі несие қаражаты бұғатталған соң, инвестор қаржыландыруды тоқтатты. 2019 жылы жемқорлық дауына байланысты құрылыс мүлдем тоқтап, сот процестері басталды. Кейіннен Қазақстан билігі қытайлық несиені мерзімінен бұрын өтеп тастады.

LRT құрылысы 2023 жылы толықтай бюджет есебінен қайта жанданды. Жобаны іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілгенімен, 2025 жылдың қыркүйек айында сынақ режімінде іске қосылды. Ал желіні түпкілікті пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланып отыр.

LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалды

Соңғы жаңалықтар

Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі

Саясат • Бүгін, 09:20

Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді

Саясат • Бүгін, 09:15

Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда

Саясат • Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:07

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Саясат • Бүгін, 09:05

Қаржыны тиімді басқару – даму кепілі

Қаржы • Бүгін, 09:00

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Экономика • Бүгін, 08:55

Еңбек адамы – қоғамның қуаты

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Игі қадам

Пікір • Бүгін, 08:48

Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

Қоғам • Бүгін, 08:45

Жас параспортшы-боччистермен кездесті

Қоғам • Бүгін, 08:43

Маман даярлау сапаланды

Білім • Бүгін, 08:40

Парламенттік реформа жайы талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:38

Ұлттық ЖИ орталығы – ұлы мұраттар бастауы

Digital • Бүгін, 08:35

Түркі тұтастығы тұғырланған тұс

Саясат • Бүгін, 08:33

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью