LRT құрылысына дайындық: Алматыда бұрынғы трамвай рельстері алынып жатыр

28.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Алматылықтар бұрын трамвай жүрген көшенің ортасында жұмысшылар ескі рельстерді алып жатқанын байқаған. Оның мән-жайын анықтау үшін Алматы әкімдігіне жүгіндік.

Аталған жұмыстарға Алматы қаласының жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, қазір LRT жобасын іске асыру үшін дайындық кезеңі басталған. Атап айтқанда, Төле би көшесінің Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі бөлігінде ескірген трамвай рельстері бөлшектеліп жатыр. Жиналған материалдардың барлығы — «Алматыэлектротранс» ЖШС-ына өткізіледі.

Фото: Досбол Атажан/Kazinform

— Бұл жұмыстар аясында Төле би көшесінің бойындағы ескі жолдарды толықтай алып тастау жоспарланған. Бұл шара жеңіл рельсті көлік желісінің құрылысын жеделдетуге мүмкіндік береді, — деп хабарлады басқармадан.

Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Алматыда LRT жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Құжат мәліметтері бойынша LRT депосы Фариза Оңғарсынова, Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің аралығында орналасады. Деподан бастау алған жылдам рельсті көлік желісі Б.Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін, сосын Төле би көшесімен шығыс бағытта Абылай хан даңғылына дейін жүреді. Осы учаскеден маршрут солтүстікке қарай бұрылып, Абылай хан даңғылымен Алматы-2 теміржол вокзалына дейін жалғасады. Соңғы аялдама «Райымбек батыр» — көлік-ауысып отыру торабының аумағында қарастырылған. 2027 жылдың ІІ тоқсанында құрылыс басталып, 2029 жылдың ІІ тоқсанында құрылысы аяқталуы ықтимал.

Сондай-ақ Алматыда LRT желісін салу үшін жер алу жұмыстары басталды. Барлығы мемлекет мұқтажы үшін 4 ауданның 270 жер учаскесі алынады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью