Лу Бань шеберханасы: ЖИ мен робототехниканың жаңа орталығы

25.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Айта кету керек, осыған дейін еліміздегі алғашқы Лу Бань шеберханасы Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында ашылған болатын. Бұл орталықтың қызметімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы танысып, оқу орталығының жұмыс барысын бағамдаған болатын.

Ал биыл 22 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 30 жыл толуына орай Лу Бань шеберханасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қытайдың еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин қатысты.  

ЕҰУ Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтеді

Бұл жобаны ЕҰУ басқарма мүшесі, Цифрландыру жөніндегі проректор Гүлмира Бекманова ұсынған болатын. Оның айтуынша, аталған бастама 2024 жылы бастау алып, жақында ғана меморандумға қол қойылған. Шеберхананы қаржыландыру Тяньцзинь кәсіптік институты тарапынан 6-9 миллион юаньды құрады. Ғылыми кешен қазірде жасанды интеллект, робототехника және цифрлық өндіріс бағыттары бойынша жұмыс істейді. Шеберхана құрамында заманауи технологиялармен жабдықталған бес мамандандырылған зертхана бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір бағыт бойынша тәжірибелік білім мен дағды қалыптастыруға арналған. Айталық, бірінші бағытқа коллаборативті роботтар зертханасы кіреді. Бұл зертханада студенттер бағдарламаланатын роботтармен жұмыс істеуді, өндірістік желілерді басқаруды меңгереді. Сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі көру және сөйлеу жүйелерімен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен бірге, компьютерлік көру, дрондар, жоғары өнімді есептеулер зертханасы, автоматтандырылған өндірістік желі зертханалары қызмет көрсетеді.

Ғылымға серпін: ЕҰУ Жапониямен байланысын нығайтты

Сонымен қатар Лу Бань шеберханасы базасында жасанды интеллект бойынша алғашқы пилоттық курс ұйымдастырылды. Оқу бағдарламасын тәмамдаған оқытушылар мен мамандарға сертификаттар табысталды. Курсқа еліміздің жетекші 10 жоғары оқу орнынан 30-ға жуық оқытушы қатысты. Оқу аясында қатысушылар ЖИ технологияларын оқытудың заманауи әдістерін меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды.

Оның үстіне қатысушылар өз университеттерінің білім беру бағдарламаларына жасанды интеллект элементтерін енгізуге бағытталған практикалық шешімдерді әзірледі. Бұл бастама жоғары білім беру саласында цифрлық технологияларды дамытуға және болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етпек.

30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты

Бүгінде шеберхананың ашылғанына аз уақыт болса да, студенттер мен оқытушылардың бірлескен жобалары нәтижесін беріп жатыр. Мысалы көне руна жазуларын қиындықсыз оқитын роботтандырылған жүйе. Бұл бастама тарихи мұраларды зерттеу жұмысын едәуір жеңілдетіп, ескі жазуларды автоматты түрде анықтайды және оларды цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.    

Ал өсімдік өскіндерін талдау және сапасын бақылау жобасы биолог, эколог мамандарға таптырмайтын көмекші құрал. Сандық жүйе өсімдіктің табиғи өсу кезеңдерін дәлдікпен анықтап қана қоймай, өсімдіктердегі әртүрлі ауру белгілерін тауып, олардың жағдайына қарай сұрыптауды жүзеге асырады.    

Фариза ІЗБАСАРОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью