Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Жаңа тәртіпке сәйкес:
дәретханалар тек жолаушылардың сұрауы бойынша ғана тазаланады;
орындық қалталарындағы қоқыс қажет болған жағдайда ғана жиналады;
салон тазалығын тексеретін қызметкерлер саны 4-тен 2-ге дейін қысқарады.
Компания бұл өзгерістер шығындарды азайту бағдарламасының бір бөлігі екенін мәлімдеді.
Жалпы жоспар бойынша шамамен 4 мың қызметкерді қысқарту көзделіп отыр.
Бұған дейін де Lufthansa бірқатар өзгеріс енгізген:
орын брондау ережелері өзгертілді;
борттағы тамақтану қысқартылды;
эконом-класс жолаушыларына тек шағын бөтелке су мен шоколад беріледі;
қол жүгін бақылау күшейтілді.
Айта кетейік, қысқа бағыттардағы билет бағасы кейде Ryanair және EasyJet сияқты лоукостерлерден де жоғары болады.
Сарапшылардың айтуынша, әлемдік әуе тасымалдаушылардың шығындары, әсіресе авиаотын бағасының қымбаттауына байланысты, күрт өсіп отыр. Бұл жағдай билет бағасының өсуіне, рейстердің қысқаруына және ұшу кестесінің бұзылуына әсер етіп отыр.
Айта кетелік Lufthansa тағы 4 000 жұмыс орнын қысқартатыны туралы жазған едік.