Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымы еуропалық саясаткерлердің ұстанымына қарағанда дұрыс екенін айтты. Бұл туралы Беларусьтің "Белта" ақпарат агенттігі хабарлады.
"Біз америкалықтармен сөйлесіп жүрміз. Трамптың Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымы түсінікті. Қандай болсын, ол дұрыс ұстанымда", – деді Лукашенко.
Лукашенко Еуропа елдері Украина президенті Владимир Зеленскийді Беларуське қатысты қоқан-лоққы сипатындағы мәлімдемелер жасауға итермелеп отырғаны атап өтті.
"Яғни еуропалықтар оны (Зеленскийді – ред.) осындай мәлімдемелер жасауға итермеледі: олар Украина үшін күресіп жатса, қалайша Украинаның өзі үндемей отыруы керек? Содан ол да ойына келгенін айтып тұрады", – деді ол.