Лукашенконың шақыруымен Беларуське барған өзбекстандық еңбек мигранттары жалақыға көңілі толмайтынын айтты

15.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Беларусь басылымдарының хабарлауынша, 13 шілдеде чартерлік рейспен Өзбекстанның Әндіжан облысынан Витебскіге келген 255 еңбек мигранттан тұратын алғашқы топ барған. Барғаннан кейін еңбек мигранаттары тарапынан наразылық туындады.

Сәрсенбі күні интернетте мигранттардың Әндіжан облысының әкіміне жолдаған бейнеүндеуі жарияланды. Онда олар Беларусь еліне келгеннен кейін ұсынылған жұмыс жағдайына көңілдері толмайтынын жеткізген.

«Құрметті хоким, егер біз мұнда 500 доллар жалақыға жұмыс істесек, оның 200 доллары тамаққа, 100 доллары сабын мен басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. Қалған 200 доллар үшін мұнда уақытымызды өткізудің мәні жоқ», дейді жұмысшылардың бірі.

«Отбасымен келіңіздер»: Лукашенко өзбекстандықтарға күтпеген ұсыныс жасады

Естеріңізге салайық, Беларусь президенті Александр Лукашенко Өзбекстаннан келетін еңбек мигранттарын отбасымен бірге Беларуське қоныс аударуға шақырған еді. Бұл үндеуін ол 8-9 шілде күндері Минскіге ресми сапармен барған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу барысында айтқан болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью