Лувр музейінің жаңа директоры белгілі болды

25.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Ол бұған дейін аталған қызметті атқарған Лоранс де Кардың (Laurence des Cars) орнына келеді. Лоранс де Кар бұл лауазымдағы алғашқы әйел басшы болған еді. Ол түрлі оқиғалардан, соның ішінде атышулы ұрлық пен өзге де даулы жағдайлардан кейін қызметінен кеткен болатын.

Француз БАҚ-тарының жазуынша, Кристоф Лерибоның тағайындалуы — оның кәсіби жолының заңды жалғасы. Ол бұған дейін Версаль сарайы, Орсе музейі және Пти-Пале музейінде басшылық қызметтер атқарған. Лерибо ірі мәдени мекемелерді тиімді басқаруымен, реставрациялық жобаларды жүзеге асыруымен және келушілер санын арттыруымен танымал.

Le Figaro басылымы оның бес жыл ішінде Пти-Паледен Орсе музейіне, одан Версальға, кейін Луврға дейінгі кәсіби жолын «үлгілі мансап» деп бағалады. Сондай-ақ оның заманауи көзқарасы мен басқарушылық қабілетін Франция президенті Эмманюэль Макрон жоғары бағалайтыны атап өтілген.

Айта кетейік, Лувр (Musée du Louvre) — Париж қаласының орталығында орналасқан, Францияның ұлттық музейі әрі бұрынғы король сарайы. Бүгінде ол әлемдегі ең танымал әрі ең көп турист қабылдайтын музейлердің бірі саналады.

Еске салсақ, жақында Франция президенті Эммануэль Макрон Лувр мұражайының директоры Лоранс де Кардың отставкасын қабылдағаны мәлім болды.

Өткен айда Лувр ЕО-ға кірмейтін елдерден келген туристерге билет бағасын қымбаттатқаны белгілі болды.

Былтыр 19 қазандағы ұрлық күні қаскөйлер жебелі көлік арқылы «Аполло» галереясының терезесінен кіріп, зергерлік бұйымдар мен жалпы құны 88 миллион еуроға бағаланатын қазыналарды сегіз минутқа жетпейтін уақытта ұрлап кеткен.

Бір аптадан кейін бірнеше күдікті ұсталды. Тонаудан кейін музей залдарының шамамен үштен бірінде бейнебақылау камералары болмағаны, ал қолданыстағы дабыл жүйесінің іске қосылмағаны белгілі болды.

Луврдағы ұрлықтан кейін қауіпсіздік жүйесі күшейтілетіні айтылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью