Любэ тобының бэк вокалисі қайтыс болды

01.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

"Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасов 64 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы музыкалық ұжымның "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Любэ" тобының бэк-вокалисі Алексей Тарасовтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Жатқан жері жайлы болсын. Алексейді білетін және жақсы көретін жандарға, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.

Алексей Тарасов. Фото: vk.ru/thelubeh

Музыканттың өліміне не себеп болғаны айтылмады. Топтың жанкүйерлері пікірде Тарасовтың "Любэ" ұжымының соңғы концерттеріне қатыса алмағанын атап өткен.

"Біз Иркутскідегі концертте болдық, оның орнына ұлы Серафим өнер көрсетті", "Иә, ол жаздың басынан бері сахнаға шықпады, орнына Серафим болды", "Серафим, әкеңіздің қазасына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Алексей Тарасов 1961 жылы 2 желтоқсанда Мәскеуде дүниеге келген. Ипполитов-Иванов атындағы Мемлекеттік музыкалық-педагогикалық институтының дирижерлік-хор бөлімін тәмамдаған. Алғашында опера әншісі болып еңбек етіп, кейін "Любэ" тобының мүшесі атанды. Ол топ құрылған алғашқы күндерден бастап ұжым құрамында болған ардагер мүшелердің бірі еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью