Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Германияның Висбаден қаласындағы Федералдық статистикалық ведомствоның есебіне сәйкес, 2025 жылы Германияда өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы бір сағаттық еңбектің құны орта есеппен 45 еуро шамасында болған. Осылайша, Германия еңбек күші құны ең жоғары Еуропа Одағы елдерінің рейтингінде 5-орынға жайғасты.
Ең жоғары көрсеткіш Люксембургте тіркелген — сағатына 56,80 еуро. Одан кейін Дания (51,70 еуро), Нидерланд (47,90 еуро) және Австрия (46,30 еуро) тұр.
ЕО ішінде еңбек күші ең арзан ел — Болгария екені анықталды, мұнда бір сағаттық жұмыс құны 12 еуроға тең екен. Сондай-ақ тізімнің төменгі жағында Румыния (13,60 еуро) және Мажарстан (15,20 еуро) орналасқан.
Еңбек шығындарына қызметкердің тікелей жалақысы ғана емес, сонымен қатар салықтық аударымдар мен жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру қорларына төлейтін жарналары да кіреді.
Бұған дейін алты еуропалық елдің әуежайларында EES биометриялық сәйкестендіру жүйесі бірнеше сағатқа созылған кезек тудырғанын жазған едік. Әуе компаниялардың басшылары дабыл қағып, жаздың соңына дейін жүйенің жұмысын тоқтатуды талап етті.