М. Әшімбаев: Ұлттық құндылықтарды заманауи тәсілдермен дәріптеген абзал

07.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Цифрландыру дәуірінде ұлттық құндылықтар көштен қалмауы тиіс. Заман көшіп, дәуірлер алмасса да, Ұлттық құндылықтар - шайқалмайтын негіз, құбылмайтын бағдар болып қалуы керек.  

«Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысына қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Елордадағы Ұлттық музейде өткен кездесуде зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар рухани және адамгершілік болмысты сақтап қалу мәселелерін талқылады. Осы орайда жиынға қатысушылар ұлттық құндылықтарымызды цифрлық кеңістікке алып шығып, заманауи тәсілдермен дәріптеген абзал екенін айтты. Былтыр бизнес жасанды интеллект саласына 250 млрд доллардан астам инвестиция құйса, биылғы көрсеткіш одан бірнеше есе жоғары. Сонымен қатар былтыр әлемдік компаниялардың 78 пайызы жасанды интеллектіні қолданатынын растаған. Бұл аталған бағыттың аса жоғары қарқынмен дамып, қоғам өміріне жаппай еніп жатқанын көрсетеді. Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев цифрлық дәуірді қауіп емес, мүмкіндік ретінде қарастырып, ұлттық және цифрлық иммунитетті одан әрі нығайту маңызды екенін тілге тиек етті.

Мәулен Әшімбаев6 ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауда Қазақстанды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде нақты міндет жүктеді. Мұндай қадам ұлттық бірегейлігімізді одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Сондықтан біз цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарымызды бағалап, сақтауымыз керек. Бұл жолда оларды қорғау мен сақтаудың маңызы зор. Осы ретте цифрлық дәуірді қауіп емес, мүмкіндік ретінде қарастырған орынды болар. Алдағы уақытта бұл бағыттарда кешенді жұмыстар атқарылады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью