Мәдени код: қазақ оюларының маңызы

23.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақ оюларының ұлттық кодты сақтаудағы маңызы. Астанада ою-өрнектердің түпкі мағынасына бойлап, сауатты қолданысына арналған семинар өтті.

«Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр. Үйлесім мен ұстаным» атты іс-шарада оюлардың символикалық мағынасы халқымыздың дүниетанымы тұрғысынан терең талданды. Тарихшы-этнографтар, қолөнершілер және дизайнерлер жиылған семинарға мәдениет және ақпарат министрлігі мұрындық болды. Жиын кезінде әр өрнектің семнатикалық мағынасы түсіндірілді. Сондай-ақ кей оюдың дүниежүзі халықтары мәдениетінде кездесетіні тегін еместігі айтылды. Мамандар алаша-текемет секілді тұрмыстық заттарда және киімдерде қолданылатын өрнектердің өз жөні болатынын жеткізді. Сондықтан олардың пікірінше, қазақтың ою-өрнектерін заманауи киім үлгілері мен бұйымдарда сауатты қолдануды үйрету маңызды.

Фарида Мерхаметқызы, этнодизайнер:

- Ең алдымен ғалымдарымыз айтқандай, бұны бір ізге келтіріп алсақ. Біздің маңдайға басқан оюларымызды оны стилизь етіп, оюдың мағынасын өзгертіп, адам танымайтындай қылмай, негізгі қалпын сақтап қалсақ, негізгі түрлерін анықтап алсақ.

Жамбыл Артықбаев, тарихшы:

- Ою тақырыбы да аса маңызды тақырып қой. Оны бүгінде оқи алатын адам көп емес. Мысалы, қазақ шежіресін оқи алатын адам көп емес. Енді ұлттық бір дамудың моделін табу керек болып тұр. Ол жерде дәстүр қаншалықты болу керек, қазіргі модерн қагшалықты болу қажет? Модерннен біз дәстүрге біржолата түсіп кете алмаймыз. Дәстүрден айырылып қалсақ, біз жаһанданудың жемі болып кетеміз. Осындай мәселелер семинарда көп талқыланды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью