24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
«Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарына кіреді».
14 жылда алғаш рет халқымыз үшін өте құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енді. Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайда Президент бұған айрықша мән берді.
Былтыр еліміз ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне «Салбурын», «Алпамыс батыр» жыры, «Кесте-сюзанне», «Дәстүрлі киіз басу» және «Тақияны» ұсынды. Сондай-ақ ұйымның Бүкіләлемдік мұра орталығына «Маңғыстаудағы жерасты мешіттері» және «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық жобасы номинациялары бойынша құжаттар жолданды. Жерасты мешіттерін ұйым тізіміне қосу мәселесі Бүкіләлемдік мұралар комитетінің алдағы жазда Кореяда өтетін отырысында қаралады.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізімі
Салбурын
«Алпамыс батыр» жыры
Кесте-сюзанне
Дәстүрлі киіз басу
Тақия
ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра орталығы
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері
Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі