Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Мониторинг жасалған бірінші нысан Әбіш Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы болды. Нысанның алдындағы алаңға төселген кафельдердің сынық екендігі анықталып, Ақтау қалалық әкімдігіне қалпына келтіру туралы ұсыныс жолданды. Екінші нысан Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармонияның ішкі қабырғаларының сылағы түсіп, көктеп кеткен. Комиссия мен кеңес мүшелері жаңбырлы күн болғандықтан төбеден аққан су тамшыларының астына қойған шелектерді көрді. Ғимарат іші толық ылғалданып кеткен.
Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының және филармония өкілдері жөндеу жұмыстарын жүргізуге тендер алған мердігер мекеменің жақында келіп нысанның жағдайымен танысып кеткендігін, жөндеу жұмыстары басталатындығын айтты.
Партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Ислам Үсенов жөндеудің аяқталуын күтпей, нақты жұмыс барысы бақылауда болатындығын және арнайы мамандардың қатысатынын жеткізді.
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ