Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен цифрландыру мен креативті индустрияның дамуы жағдайында ұлттық мәдени кодты сақтау мәселелеріне арналған «Заманауи қоғам және ұлттық дәстүр: үйлесім мен ұстаным» атты республикалық семинар өтті.

Сурет: elordainfo.kz

Іс-шарада Премьер-ми­нистрдің орынбасары – Мәде­ниет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау сөзін Мәдениет және ақпарат вице-ми­нистрі Евгений Кочетов жеткізді.

«Мемлекет басшысы Ұлт­тық құрылтайда өнер мен мә­дениет – мемлекеттің страте­гия­лық бағдары екенін айтып, идеологиялық рухани құн­ды­лықтардың маңызын атап өтті. Жаңа технологиялар, цифр­лық орта және жасанды ин­тел­лект мемлекеттердің, эконо­ми­калардың және қоғамның даму бағытын барған сайын ай­қын­дап келеді. Бұл ретте тех­нология­лық серпіліс жағдайында өз мә­дени кодымызды жоғалтпау және төл болмысымызды сақтау – аса маңызды міндет», делінген құт­тық­тау хатта.

Семинар барысында тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев, суретші, дизайнер, «Қазақ оюлары» кітабының авторы Ерлан Қожабаев, дизайнер Фарида Мерхамитқызы сөз сөйледі.

Сарапшылар кейінгі уақытта қазақ танымында жоқ, ұлттық болмыстан алшақ дүниелердің «дәстүр» деп насихатталып жүр­генін сөз етті. Ұлттық ою-өрнек­терді де орнымен пайдалану қажеттігі, тіпті әйелдерге тән мо­тив­тер ерлер киімінде жиі қолда­ны­латыны да талқыланды. Соны­мен қатар қазақ мәдениетіне жат элементтердің ұлттық мұра ре­тін­де насихатталуы да сөз болды.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желі­лерде кеңінен таралып, бірақ қазақ мәдениетінде тарихи не­гізі жоқ «жаңа дәстүр­лер» қа­рас­тырылды. Мұндай жағ­дайлар қалып­тасқан құнды­лық­тар мен мәде­ни нормалар­ды бұзып, түпкі­лікті салт-дәс­түр­лер­дің мә­нін бұрмалайтыны айтыл­ды. Іс-ша­ра барысында дәстүр­лерді ком­мерциялау мәсе­лесі де көтерілді. 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью