Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың видеосы бойынша мәлімдеме жасады

17.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі продюссер Баян Алагөзова көрсеткен "Қыз Жібектің" қамзолына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Алагөзова өзінің парақшасында "Қыз Жібек" фильмінде Меруерт Өтекешова киген қамзолды көрсетіп, "музей экспонатын өмірдің соңына дейін сақтайтынын" хабарлады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, бүгінде "Қазақфильм" киностудиясының музей қорында "Қыз Жібек" фильмінде пайдаланылған қамзолдардың бірінің түпнұсқасы тұр.

"Бұл жәдігер ұлттық кино өнерінің маңызды мәдени мұрасы ретінде қорғалған. Ал продюсер жариялаған жазбадағы екінші қамзолдың жеке қолға қалай өткендігі анықталып жатыр", - дейді министрлік мамандары.

Алдағы уақытта "Қазақфильм" жанынан заманауи талаптарға сай келетін ауқымды музей ашу жоспарланып отыр. Ол жерде отандық кино тарихына қатысты бірегей экспонаттар қойылады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью