Мәдениет саласын дамытуға негіз болады

07.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Депутаттар бастамашы болған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қол­дау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заң ұлттық мәдениет саласын заман талаптарына сай жаңғыртуды көздейді. Отырыста аталып өткендей, заңды мақұл­дау мәдениет саласының бәсекеге қабі­леттілігін арттыруға, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды сақтауға және ілгерілетуге ықпал етеді.

«Қаралған заң еліміздегі креативті индустрия саласын реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіруді көздейді. Атап айт­қанда, саланы қолдауға бағытталған бір­қатар жаңа тетіктер енгізіліп отыр. Соны­мен қатар өкілетті органның құзыреттері нақтыланып, қосымша міндеттер жүк­телді. Жалпы, заң еліміздің креативті экономика секторының одан әрі дамуына тың серпін береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Заң аясында кинематография мәсе­лелерін және жастар саясатын реттейтін салалық заңдарға да қатысты өзгерістер енгізілді. Мақұлданған заң бірыңғай саясат шеңберінде креативті индус­трия­ларды дамытуға, шығармашылық әлеуетті экономиканың бір бөлігіне айналдыруға, мәдени және креативті өнімдердің сапасы мен мағыналық толық­тығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте жастарды шығармашылық қызметке тартуға жәр­демдесу, олардың осы саладағы бастама­лары мен жобаларын қолдау жөніндегі нормалар туралы сөз болып отырғанын атап өткен жөн.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью