Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды жиын «Мәдениетте мәңгілік із қалдырған тұлға» тақырыбындағы көрмемен жалғасын тапты.
Суреттерді түсірген – автор
Көрме экспозициясына Ұлттық орталық музей қорымен қатар Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» музейі, Ықылас атындағы музыкалық аспаптар музейі қорларынан алынған бірегей жәдігерлер қойылып, тарих пен мәдениеттің терең тамырын айғақтайтын құнды бұйымдар арқылы қайраткердің ел руханиятына сіңірген еңбегі жан-жақты таныстырылды.
Конференцияның басты мақсаты – Өзбекәлі Жәнібековтің өмір жолы мен қоғамдық қызметін, ұлттық мәдениетті жаңғыртудағы тарихи рөлін, тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы сүбелі еңбектерін ғылыми тұрғыдан зерделеу. Сонымен қатар оның тұлғалық феноменін қазіргі ұлттық сана контексінде талдап, өскелең ұрпаққа өнеге ету көзделді.
«Қазақ руханиятының жаңғыру жолында Өзбекәлі Жәнібеков есімі айрықша құрметпен аталады. Ол ұлттық құндылықтарды жүйелі түрде зерттеп, этнография, музей ісі, тарихи мұраны қалпына келтіру бағыттарына тың серпін берді. Оның бастамасымен көптеген тарихи-мәдени ескерткіш қайта жаңғыртылып, өңірлік музейлердің жұмысы жанданды. Ұлттық тарихты зерттеу мен насихаттау ісі жаңа деңгейге көтерілді. Бүгінде ұлттық бірегейлік пен тарихи жадты сақтау – уақыт талабы. Осы орайда конференция ғалымдар, мәдениеттанушылар, музей қызметкерлері мен жас зерттеушілер үшін пікір алмасу алаңына айналып отыр. Жас буынның ғылыми ізденістерін қолдау – рухани сабақтастықтың кепілі. Ұлттық мұраны ұлықтау арқылы біз тарихи сананы жаңғыртып, болашаққа нық қадам басамыз», дейді Ұлттық орталық музейінің директоры Сержан Саров.
Өзбекәлі Жәнібеков дәстүрлі қолөнерді, ұлттық киім үлгілерін, музыкалық аспаптарды зерттеп, кеңінен дәріптеуге айрықша көңіл бөлді. Оның тікелей ықпалымен қасиетті Тайқазан елге қайтарылып, тарихи әділеттілік қалпына келтірілді. Сондай-ақ ол Наурыз мерекесінің қайта жаңғыруына ұйытқы болып, халықтың рухани санасының жаңаруына зор үлес қосты.
Көрмеге қайраткердің сан қырлы қызметін айғақтайтын құнды экспонаттар қойыл-ған. Олардың қатарында Ө.Жәнібековтің Ұлттық музей қорына өзі тапсырған Қажымұқан Мұңайтпас-ұлына тиесілі тымақ, жары Қалихан апамыз табыстаған домбыра, үстел үстіндегі кітап пішіндес сағат, Ықылас музейі қорындағы тақиясы мен шапаны, дауылпаз аспабы бар. Сонымен бірге Арқалықтағы музей экспозициясын жасақтау барысында жинақталған астау, сәукеле, қолтаңбасы қойылған «Уақыт керуені» кітабы, «Шертер» ансамблінің афишасы, ұлттық киім үлгілерінің эскиздері де жұрт назарына ұсынылған.
Тағылымды шарада Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, ақын Әділғазы Қайырбеков, суретші-реставратор Қырым Алтынбеков, Арқалықтағы «Дала өлкесі тарихы» музейінің директоры Рауан Терек, тағы басқалар баяндама жасап, Өзбекәлі әлемі – ұлттық мұраны ұлықтаудың, тарихи сананы жаңғыртудың жарқын жолы екенін айтты.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды
Бокс • Кеше
6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?
Туризм • Кеше
Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты
Әлем • Кеше
Абай облысында әскери қызметші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады
Президент • Кеше
«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды
Қоғам • Кеше
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Оқиға • Кеше
Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды
Әлем • Кеше
Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды
Ата заң • Кеше
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді
Ата заң • Кеше
Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Кеше
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді
Оқиға • Кеше