Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр финляндиялық Helsingin Sanomat газетіне берген сұхбатында Будапешттің Киевке әскери көмек көрсетпейтінін және өз аумағы арқылы Украинаға қару-жарақ тасымалдауға рұқсат бермейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Венгрия Украинаға әскери көмек көрсетуді көздемейді және өз аумағы арқылы қару-жарақ тасымалдауға рұқсат етпейді", — деді ол.
Мадьяр Закарпатьедегі венгр азшылығының құқықтары маңызды екенін атап өтіп, бұл мәселені шешу жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді.
Қызметіне кіріскеннен кейін Мадьяр Ресеймен прагматикалық қарым-қатынасты сақтау ниетін жариялады. Атап айтқанда, ол республиканы энергиямен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Венгрия Сыртқы істер министрлігі Украинаға қару-жарақ жеткізу жоспарының жоқ екенін тағы бір мәрте растады.