Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығына қатысты бірнеше мәселе барын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның сөзінше, дәрігерлер оған бірнеше диагноз қойған.
«Екінші және үшінші жүктіліктің арасында маған эпилепсиялық ұстама деген диагноз қойылды. Ұстама кезінде денемнің оң жағы тырысып қалады. Күннің ыстығында дене қызуым, қан қысымым көтеріліп, ұстама да мазалайды. Қазір тыныштандыратын дәрі ішіп көремін, көмектеспесе, магнезия салдырамын. Содан кейін жағдайым басылады», – деді блогер.
Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай жүктілік кезінде қалқанша безіне қатысты мәселе туындағанын, қандағы қант мөлшері жоғары екенін және қан қысымы жиі төмендейтінін жеткізді.
«Жасым отызға енді келсе де, денсаулығыма қатысты мәселе көп. Эпилепсиялық ұстама, қалқанша безі, қанттың жоғарылауы және қан қысымының төмендеуі бар», – деді ол.