Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова сахнада бірге ән айтқан ер-азаматтармен өмірде жақын араласпауға тырысатынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі бұл жағдайдың соңы махаббатқа ұласуы мүмкін деп есептейді.
«Ғашық болып қалуың мүмкін. Біз тірі адамбыз. Әсіресе өнер адамдары сезімге тез беріледі. Жұптасып ән айтып, соңы махаббатқа ұласып жатқандар бар. Өз-өзіңді ұстай алмай қалуың мүмкін, ешкім кепілдік беріп жатқан жоқ. Оның арты махаббатқа ұласып кетуі мүмкін. Ол жақсылыққа апармайды”,- дейді әнші.
Желі қолданушылары әншінің сөзімен келісетінін айтып, қолдау білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.