Майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды

13.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақтау қаласында 99 жасқа толған соғыс ардагері Василий Салазкинге Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және Әскери-теңіз күштерінің қызметкерлері министрдің атынан құттықтау хатын табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс саласы өкілдері майдангерге ерлігі үшін құрмет көрсетіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

«Сіз халқымыздың қаһармандық тарихының тірі куәгері ретінде ерлік, намыс пен қайсар рухтың жарқын бейнесісіз. Сізге алғысымызды білдіріп, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі алдында басымызды иеміз», деді әскери бөлім командирі 1-ші дәрежелі капитан Есенғали Байботаев.

Министрліктің мәліметінше, Василий Иванович І Қиыр Шығыс майданы құрамында соғысқан. Кіші сержант шеніне дейін көтерілген. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Г.К.Жуков», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Майдангер тұратын үйдің ауласында Әскери-теңіз күштерінің оркестрі соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, аға буынның ерлігін еске түсірді. Ардагер тебіреніп, әскери қызметкерлерге батасын берді.

Майдангер отандастарымызға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 600 орындық «Келешек мектебі» ашылды

Білім • Бүгін, 11:27

Биыл еліміздегі 142 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылады

Экология • Бүгін, 11:24

LRT желісі қыркүйек айында іске қосылады

Қоғам • Бүгін, 11:20

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандардың жалақысынан заңсыз салық ұсталған

Қоғам • Бүгін, 11:13

Үкімет: еліміздің барлық елді мекені 100% ауыз сумен қамтылды

Үкімет • Бүгін, 11:07

Әуежайда әріптесін алдап, 1 млн теңге алған экс-қызметкер сотталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:51

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті қолға түсті

Аймақтар • Бүгін, 10:43

«Келешек мектептері» рекордттарға жол ашты

Білім • Бүгін, 10:35

Қойма толы сәбізді күресінге тастаймыз ба?

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Дін • Бүгін, 10:25

Аида Балаева Әуезов атындағы драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады

Мәдениет • Бүгін, 10:10

Таиландта аударылған катердің ішінде 8 Қазақстан азаматы болған

Оқиға • Бүгін, 10:07

Салық режимін өзгертуге бір реттік мүмкіндік берілді

Экономика • Бүгін, 09:57

Ирандағы ахуалға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті

Саясат • Бүгін, 09:40

Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны рас па?

Аймақтар • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью