Майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге артты

06.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы майлы дақылдарды қаржыландыру көлемін 2,6 есеге арттырды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

"Өткен аграрлық маусыммен салыстырғанда майлы дақылдарды қаржыландыру көлемі 2,6 есеге – 36 мың тоннадан 95 мың тоннаға дейін ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.

Жалпы күзгі егін жинау науқанынан кейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұлттық астық операторының ресурстарына 479,8 мың тонна астық және майлы дақыл өнімдерін жеткізеді. Оның 337,3 мың тоннасы немесе шамамен 70%-ы бидай болады. Қалған көлемді маржасы жоғары дақылдар – майлы зығыр, арпа, күнбағыс, рапс және жүгері құрайды.

"2026 жылғы егіс науқаны барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер күнбағыс егілетін алқаптардың көлемін едәуір ұлғайтты. Егер өткен аграрлық маусымда форвардтық келісімшарттар аясында 19,9 мың тонна күнбағыс тұқымын сатып алуға қаржы бөлінсе, биыл келісімшарт жасалған өнім көлемі екі есеге жуық артып, 37,8 мың тоннаға жетті", - дейді ведомство мамандары.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью