Маймыл шешегі: Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

19.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстап отырған мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Таралу қаупі төмен

Бүгінде кейбір елдерде маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары тіркеле бастады.

"Әлемнің жекелеген елдерінде ауру жағдайларының тіркелуіне және халықаралық көлік қатынасының белсенділігін ескере отырып, инфекцияны Қазақстан аумағына тасымалдау ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Сонымен қатар қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, ел халқы арасында маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен деп бағаланады", - делінген ресми хабарламада.

Дегенмен эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені қолға алынып отыр. Олар:

мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді;

ауру жағдайлары тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және осы мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жүргізіліп жатыр;

барлық өткізу пункттері мен санитариялық-карантиндік пункттер дене температурасын жанаспай өлшейтін құралдармен жабдықталған;

медициналық ұйымдар мен зертханалардың инфекцияны уақтылы анықтауға және диагностикалауға дайындығы қамтамасыз етілуде;

аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайда хабарлау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау алгоритмдері бекітіліп, қолданысқа енгізілген.

Қазіргі кезде көліктің барлық түрінде жүргізілген санитариялық-карантиндік бақылау нәтижелері бойынша аса қауіпті инфекциялармен ауырған немесе оларға күдік тудыратын адамдар анықталған жоқ.

Аурудың белгілері қандай

Маймыл шешегі – MPXV вирусы қоздыратын вирустық ауру. Инфекция көбінесе жұқтырған адаммен тығыз байланыс, соның ішінде терідегі бөртпелермен және биологиялық сұйықтықтармен жанасу кезінде беріледі. Сондай-ақ ластанған киім, төсек-орын жабдықтары мен басқа да заттар арқылы жұғады. Инфекция жұқтырған жануарлардан да таралуы мүмкін.

Аурудың негізгі белгілері:

дене қызуы;

бас ауруы;

бұлшықеттердің ауыруы;

лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

тері бөртпелері.

Алдын алу шаралары

Денсаулық сақтау министрлігі ауруды жұқтырмау үшін профилактикалық шараларды сақтау қажеттігін ескертеді:

теріде себебі белгісіз бөртпелері немесе басқа да инфекциялық ауру белгілері бар адамдармен тығыз физикалық байланыстан аулақ болу;

жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтау;

инфекцияға күдік тудыратын адамдардың жеке заттарын, киімдерін және төсек-орын жабдықтарын ортақ пайдаланбау;

ауруға тән белгілер пайда болған жағдайда, әсіресе ауру жағдайлары тіркелген елдерге барғаннан кейін уақтылы медициналық көмекке жүгіну және медицина қызметкеріне сапарлар мен ықтимал байланыстар туралы хабарлау.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью