Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Владимир Зеленский "Үлкен жетілік" (G7) саммиті аясында Украина қақтығысы бойынша сессияға қатысады, деп мәлімдеді Франция президенті Эммануэль Макрон, деп хабарлайды РИА Новости.
"Сейсенбі күні таңертең біз Украина мәселесін... Зеленскиймен талқылаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі біз G7 ішінде Украинаны қолдау мәселесі бойынша жақындасуды қалпына келтіруіміз керек", - деді Макрон.
15-17 маусым аралығында Францияның Эвиан-ле-Бен курорттық қаласында өтетін G7 саммитіне Франция төрағалық етеді.
G7 елдерінен басқа, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Корея және Кения көшбасшылары да қатысады.