Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жамбыл облысында құтқарушылар жоғалған шопанды тапты. Мал қайыруға атпен шығып кетіп, оралмаған ер адам ауылдан ондаған шақырым жерден табылды, деп хабарлайды Arasha.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
1972 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама ол шаруа қожалығынан атқа мініп шығып, қайтып келмеген соң түскен.
Ведомствоның мәліметінше, іздестіру жұмыстары Ақтөбе ауылынан 14 шақырым жерде жүргізілген. Нәтижесінде жоғалған адам елді мекеннен 25 шақырым қашықтықта, көршілес шаруа қожалығының аумағынан табылды.
Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.
«Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға алыс жайылымдарға шыққан кезде жақындарына нақты бағыт пен қайтып келетін уақытты хабарлау қажеттігін ескертеді», — деп үндеу тастады құтқарушылар.