Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
— Агроөнеркәсіп кешенінде саланың көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен қатар ауылдағы өмір сапасына да әсер етіп отырған бірқатар шешімін күткен мәселелер бар. Көлемді инвестициялар мен үздік агротехнологиялар егіншілік саласында өнімділікті арттыруға мүмкіндік берсе, мал шаруашылығы бұл жағынан едәуір артта қалып қойды. Аталған салада өсім 2-3 пайыздан аспайды. Бұл әрине, өзін-өзі қамтамасыз ету, өңдеуді дамыту, экспорт көлемін арттыру сияқты мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Ветеринария, мал шаруашылығын ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету бағытында да мәселелер жеткілікті, — деді Үкімет басшысы.
Оның мәліметінше, кейбір ірі жер иеленушілер маусымдық кезеңде ғана жұмыс істеп, қалған уақытта ауылда жұмыссыздық белең алады. Сондықтан 10 мың гектардан астам жерді пайдаланып отырған кәсіпкерлерге міндетті түрде мал шаруашылығын жүргізу талаптары қойылды. Орындамаған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады, оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар.
— Мал шаруашылығын дамыту бойынша кешенді жоспарда асыл тұқымды мал басын сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын ұсыну, жасанды ұрықтандырудың заманауи технологияларын енгізу және жайылымдық мал шаруашылығын дамыту шаралары көзделген, — деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Премьер-министр өңдеу өнеркәсібінің қазіргі өсу қарқыны экономиканы толыққанды әртараптандыру үшін жеткіліксіз екенін айтқан еді.