Мал суаруға арналған қазаншұңқыр: Павлодарда 17 жастағы бозбала суға батып кетті

11.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Облыс орталығында қайғылы жағдай болды. 2009 жылғы бозбала мал суаруға арналған жасанды су қоймасына шомылған. Құтқарушылар марқұмның мүрдесін алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

- Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қаза тапқан жасөспірімнің мүрдесін тауып, судан шығарды, - делінген өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Құтқарушылар жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларды су бойында қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері туралы үнемі ескертіп отырған абзал.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью