Мал ұрлығының алдын алу өзекті

11.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазір Солтүстік Қазақстан облысының жеке шаруашылық­тарында 900 мыңнан аса қара мал мен жылқы тіркелген. Ауыл тұрғындары нәпақасын осы азын-аулақ төрт түлі­гімен айырып отыр. Баласын оқыту, емделу, жол жүру сияқты қажетті шығындарын да малымен өтейді. Сон­дық­тан ақ адал малынан айырылып қалу – шаруаларға ауыр соққы.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Алайда арқасын кеңге сал­ған мал иелері қыс айларында қой-сиырын бақылаусыз, бақ­та­шысыз еркін жайы­лымға жіберіп қоятыны бар. Биылғы қыстың қары қалың емес, сон­дық­тан жылқыны тебінге жібе­ру қорадағы жемшөптің сақта­луына ыңғайлы жағдай туды­рады. Ал өз еркімен жайыл­­­ған мал тасжолдарға шы­ғып ке­­тіп, қараңғылық қоюла­ған­да ав­токөліктерге соғылып, апат­ты жағдай болып жатады. Мұндай жағдай мал ұрлығы­ның артуына да түрткі болып тұр. Бақташысыз жүр­ген мал­дар­ды кең далада атып алып, етін сату ұрылардың үйрен­шікті дағ­ды­сына айнал­ған. Сондықтан полиция бақта­шысыз, еркін жіберілген мал үшін иелеріне айыппұл салуды қол­ға алды. Облыстық ПД баспасөз қыз­ме­тінің хабарына қарағанда, биыл қыста 114 мал иесі жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар ет өнімдерін бақы­лаусыз тасымалдау мен сату да мал ұрлығының артуына «жағдай» жасап отыр. Жүк салғыштағы еттің ұрланған-ұрланбағанын бірден анықтау қиын. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыста өткен айда «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.Ке­шенді жұ­мыс барысында полиция қызметкер­лері ветеринарлық қызмет өкілде­рі­мен бірлесіп, мал сату және сою орындарында тексеру жүргізіп, көліктерді тоқтатып, ет өнімдеріне берілген құжаттардың заңдылығын қадағалады. Сонымен қатар шаруа­шылықтар, фермерлік қожалықтар мен жайылымдық нүктелер ерекше бақылауға алынды. Облыстың шекаралас аудандарында мал мен ет өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізудің жолын кесу мақсатында көршілес мемлекеттердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

Тәртіп сақшылары мал иелеріне өз мүлкін қорғауды күшейту, малды қараусыз, еркін жайылымға жібермеу жөнінде ұдайы ескертіп келеді. Бақылаусыз қалған төрт түлік – мал ұрлығына бастайтын негізгі факторлардың бірі. Қаңтар айында жүргізілген күнделікті про­филактикалық жұмыс нәтижесінде өңірде қой-сиырын еркін жайылым­ға жіберген мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұрғындар арасында сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмысы да белсенді жүргізілді. Тәртіп сақ­шылары халыққа жеке аулаларды нығайту бойынша ұсыныс жасап, мал жаю ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы айтты.

Мал ұрлығын тыю – ке­шен­ді тәсілді қажет ететін шара. Кри­миналдық полиция қызметкер­лері басқа жауапты органдармен бірле­се отырып, қылмыстың осы түрін ашу, жолын кесу, соның ішінде етті сату ережелерінің сақталуын бақы­лау жұмысын күшейте түсуі керек. Ветеринарлық қызмет маманда­рының қаты­суымен базарларда рейд­тер жүр­гізіліп, мал және ет өнім­дерін тасымалдайтын көліктер үнемі тексеріліп отырса, ұры­ның да жолы кесіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27

Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Мал ұрлығының алдын алу өзекті

Қылмыс • Бүгін, 09:00

Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Тарих • Бүгін, 08:50

Теміржол торабы: Саладағы кешенді жаңғыру

Экономика • Бүгін, 08:45

Алаяқтар айласы таусылар емес

Қылмыс • Бүгін, 08:43

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Сталкингке жол жоқ

Құқық • Бүгін, 08:37

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

Жымпитыдағы тағылымды жиын

Қоғам • Бүгін, 08:32

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Білімді бақылау жүйесінде алға озды

Білім • Бүгін, 08:20

Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді

Үкімет • Бүгін, 08:17

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью