Малайзия мен Таиландта жер сілкінді

23.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтының мәліметінше, Малайзия жағалауында, Санта-Крус архипелагының (Соломон аралдары) бір бөлігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Кота Кинабалудан солтүстікке қарай шамамен 97 шақырым жерде, 620 шақырым тереңдікте орналасқан. 

ТАСС агенттігінің мәліметіне сүйенсек, зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жарияланбаған. Сондай-ақ аталған аймақтарда цунами қаупі төніп тұрмағаны хабарланды. 

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Таиландта жексенбі күні 17:07-де 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Неміс геоғылыми зерттеу орталығының (GFZ) алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 17,03 градусында және шығыс бойлықтың 101,98 градусында орналасқан. Гипоцентр 10 шақырым тереңдікте орналасқан. 

Бұған қоса, жексенбі күні Гринвич уақытымен 16:57-де Калимантан (Борнео) аралының маңында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 6,89 градусында және шығыс бойлықтың 116,25 градусында орналасқан. Гипоцентр 632,7 шақырым тереңдікте орналасқан.

Бұдан бұрын Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінгенін хабарлағанбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью