Малайзиядан 50 млн долларға жуық инвестиция тартылды

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Былтыр Қазақстанға Малайзиядан шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартылған. Қаражаттың негізгі бөлігі ел экономикасының нақты секторына бағытталды.

Қос тарап өнеркәсіп, энергетика, фармацевтикалық өндіріс, көлік инфрақұрылымы, металлургия және агроөнеркәсіп кешенін қамтитын бірқатар ірі жобаны қолға алды. Солардың бірі - электромобиль шығаратын зауыттың құрылысы. Жоспарға сәйкес, көліктер қазақстандық брендпен өндіріледі. Kazakh Invest өкілдерінің айтуынша, бұл жоба отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуға серпін беріп, ұлттық автомобиль брендін қалыптастыруға негіз болады. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мен Малайзия жалпы құны 630 миллион АҚШ долларынан асатын 17 бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. 

Диана Аблякимова, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі аймақтық өкілі:

-  Қазақстанда малайзиялық капиталдың қатысуымен 34 компания жұмыс істейді. Сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында Малайзияның 9 компаниясы тіркелген. Былтыр қаңтар-қазан айлары аралығында екіжақты тауар айналымы 15 процентке өсіп, 166 миллион АҚШ долларына жетті. Куала-Лумпур мен Алматы бағытында тікелей әуе рейстерінің ашылуы, сондай-ақ 2024 жылы Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимнің Қазақстанға жасаған ресми сапары сауда- экономикалық ынтымақтастыққа бизнес қауымдастықтың  қызығушылығын арттырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью